МЫРЗАЛЫҚ

Бүгін біздің облыс Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысады.

Екі күнге созылатын шараға Қарағанды өңірімен қатар, Атырау, Жамбыл облыстары да жол тартқан.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, үш аймақтан Елордаға 360 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіледі. Оның ішінде, 101 тонна – ет өнімдері, 34 тонна – сүт өнімдері, 10 тонна – қант, 153 тонна – көкөніс, 12 тонна нан-тоқаш өнімдері мен көптеген азық-түлік саудаланады.

Қарағанды облысы қымыз, бауырсақ фестивальдерін ұйымдастырады. Жәрмеңкеге келушілер «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің қатысуымен өтетін концертті тамашалай алады.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.