Жаңалықтар

Үміткерлерді ұсынды

    «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының XXVII кезектен тыс конференциясында облыстық мәслихаттан шығып кеткен депутаттардың орнына үміткерлерді ұсыну мәселесі сөз болды.

Облыстық мәслихатқа үміткерлерді облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы Ерлан Қошанов таныстырды. Облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Серік Өтешов, Қазақ қатынас жолдары университетінің Жезқазғандық филиалының қашықтықтан оқыту орталығының директоры Бекзат Алтынбеков, Шет аудандық Орталық ауруханасының емдеу бойынша директорының орынбасары Хауан Әбітаева үміткерлер санатына алынды. Сондай-ақ,  аудандық мәслихатқа үміткерлер таныстырылды.

– Біздің партиямыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Нұр Отан» партиясынан депутаттыққа үміткерлердің барлығы өз елінің адал патриоттары болуы тиіс. Олар еліміздің мүддесі үшін қызмет атқарулары керек. Өзінің депутаттылығы барысында осы талаптардың барлығына сай келуі абзал». Мен мына отырған үміткерлеріміз осы айтылған сұранымдарды абыроймен атқаратынына сенімдімін, – деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ, партия мүше­лерін Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, қо­ғамдық сананы жаңғырту бой­ынша алға қойған тапсыр­ма­ларын белсенді атқаруға ша­қырды.

Айта кеткен жөн, облыс­та биліктің өкілдік органына 8 орын: оның ішінде үш бос орын – облыстық мәслихатта, Қарқаралы, Осакаров, Нұра аудандық мәслихаттарында – бес орын босады.

Барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттарды қосымша сайлау 29-шы қазанда өтеді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button