Бас тақырыпОблыс әкімі

Миллионер қала болуға нық қадам

Миллионер қала атануға бел буған Қарағандыны алда үлкен өзгерістер күтіп тұр. Жобалар мен жоспарлар, ауқымды инвестициялар шаһардың дамуына серпін бермек.

Бүгінде жаңа орталық құрылысы бойынша ауқымды жобаны іске асыру басталды. Бірінші кезең аясында 150 гектар жерде жаңадан шағын аудан салынбақ. Болашақта құрылыс 1000 гектардан астам аумақты қамтып, Оңтүстік-Шығысты Майқұдықпен байланыстырады деп жоспарлануда. Тың жобалардың қатарында ферросилиций шығаратын зауыт бар. Жобаның құны 30 млрд. теңгеден асады және 500 жұмыс орны ашылады. Құрылыс саласына келер болсақ, Қарағандыда биыл Бауыржан Момышұлы атындағы жаңа шағын ауданда 1200 орындық мектептің іргетасы қаланады. Сонымен қатар, 30-шы шағын ауданда осындай мектептің құрылысы жүргізілуде. Жол жөндеуге биыл бюджеттен 248 млн. теңге бөлініп отыр.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button