Спорт

Мергендер бәсекесі

Қарағандылық жеткіншектер мер­гендіктерін сынады. «Локомотив» спорт кешенінде балалар-жасөспірім­дер клубтарының ХVI Спартакиадасы бағдарламасы бойынша пневматика­лық мылтықпен нысананы көздеді. Бәсеке қорғаныс-бұқаралық және әскери-патриоттық айлық шеңберінде ұйымдастырылды.
Алдымен, командалар өзара іріктеу турнирін өткізді. Бұл жарыстар екі күнге созылды.
Үшінші күні өткен ақтық сынға «Туған жер», «Қуаныш», «Спорт», «Восток», «Арман», «Локомотив» шықты.
Финалда Пришахтинскте орналасқан «Қуаныш» клубының жеткіншектері мергендіктерін дәлелдеді. Ұпай санымен І орынды қанжығаға байлады. ІІ орынды «Восток» клубы еншілесе, ІІІ орынды «Арман» иеленді. Екеуі де Майқұдықта орын тепкен клубтар.
Жарысқа Қарағанды қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Шахтер» КМҚК ұйытқы болды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button