Мерейі үстем майталман

Танымал тележурналист, облыстық «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының редакторы Әли ТОЙЖІГІТОВ «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен наградталды.

Тойжігіт

Әли Мүсәлұлының еңбек жолы өзіміздің қара шаңырақ – «Орталықта» басталған. Қазіргі күні әріптесіміз облыстық арнаның алдыңғы легінде жүр. 40 жылдан астам уақыт бойы табан аудармай, осы телеарна жұмысының ілгері басуына атсалысуда. Өңірдің тынысын – өмірдің өзін толғап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде. Арқа журналистикасының алтын соқпағына із қалдырып, жас буынға жол сілтеп келеді.

Ақпарат саласы – бұқара мен биліктің алтын көпірі. Әли Тойжігіт өз ісінің шебері ретінде, осы екі жақтың да назарынан тыс қалған емес. Бұқарадан – сый, биліктен сыйлық алуы – сөзімізге дәлел. Бұған дейін Мәдениет қайраткері «НұрОтан» партиясының «Нұр Сұңқар», облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығына да лайық деп танылды.

Бәрекелді! Марапат құтты болсын, аға!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.