Балқаш

Менің президентім

Кең байтақ тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде өз отбасыммен бейбітшілікте өмір сүрудеміз. Елбасының бастауымен елім әлемге танылды. Елбасымыздың еліне, жеріне деген махаббатын әрбір жасаған салиқалы саясаты мен сөйлеген сөзінен, халыққа жолдаған жолдауынан білеміз. Алаш баласының абыройын асқақтатып, қазақ халқының атын әлемге танытқан тұлға – менің Елбасым. Мемлекет басқаруда бар күш-жігерін жұмсап, мәртебелі міндет атқарып жүрген Елбасыммен мақтанамын. Еліміздің әрбір өңіріне барып, халықпен кездеседі. Сонымен қатар, жастарға көп көңіл бөледі, олардың тілектерін тыңдап, жастар мәселесін шешеді. Елбасымыздың игі істерінің бірі – мемлекетіміздің тәуелсіздігі арқасында еліміздің еңсесін көтеріп, Астанамызды гүлдендіргені. Қазіргі таңда елімде жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір-бірімен тату-тәтті тұрады. Халқына деген қамқорлығының арқасында, қазақ халқы тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатыр. Мен осындай тәуелсіз елде туып, өсіп жатқаныма қуанамын. Елбасының еңбегін ерекше бағалап, құрметтеймін. Қажырлы еңбегінен үлгі аламын. Тарихта аты қалатын ел ағасы, аты әлемге танылған тұлға деп білемін.

 

Ұлан МОЛБОЛСЫН,

№15 мектеп-лицейінің

3 «Ә» сынып оқушысы.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button