“Менің музейдегі жәдігерім”

Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы қарағандылықтар мен қала қонақтарын «Менің музейдегі жәдігерім» акциясына қатысуға шақырады.

Егер сізде ХХ ғасырдың басы мен ортасы кезеңіне тиесілі ескі фотосуреттер, құжаттар, тұрмыстық бұйымдар және киімдер, медальдар мен монеталар, пластинкалар және тағы басқа дүниелер бар болса, мұражай оларды қуана сыйға алады.

Үйіңіздегі көне заманнан сыр шертетін тарихи бұйымдарыңызды мұражайға бере отырып, оларға жаңа өмір сыйлай аласыз. Сонымен қатар, мұражайлық заттардың сапына қосылған Сіздің жәдігеріңіз тарихи естелікке айналып, олар мұражайдың көрмелерінде және экспозицияларында ұсынылатын болады.

Енді, Сіздің құпияға толы мұражайдағы жәдігеріңіз жалпақ жұртқа қызмет ете бастайды. Осылайша, үйдегі ескі бұйымыңыз арқылы, елге қуаныш, рухани ләззат сыйлай аласыз. Бұл да болса, тарихи санамыздың жаңғырып, өткенімізді терең зерделеу жолындағы нақты бір қадам іспетті. Сондықтан да, баршаңызды осы акцияға белсене қатысып, ел тарихында із қалдыруға шақырамыз.

Шараның әр қатысушысы мұражайға тегін бару мүмкіндігіне ие болады.

Акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Экспонаттарды Қарағанды облысы, Долинка кенті, Школьная көшесі, 39 мекен-жайы бойынша жеткізуге болады.

Анықтама телефондары: 8 (72 156) 58 222, 8 (72 156) 58 278.

Жәлел ШАЛҚАР.