Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңы, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет өткеру кезінде ерекше талаптар мен шектеулер қояды.

Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік қызметшілердің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау үшін жалпы қамқорлығы немесе қызметі бойынша жол бергені үшін жауапкершілігі көзделген. Осы іс-әрекеттер мемлекеттік қызметтің беделін түсіреді және заңдарда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар айқындалған, олар үшін жауаптылығы: мемлекеттік лауазымын төмендету, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту не қызметтен босату түрінде көзделген.

  1. Тәртіптік жауапкершілік

  2. Мәселен, мемлекеттік қызметшінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 50-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін, атап айтқанда, ресми адамдарға лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаса, мемлекеттік лауазымын төмендетуге, ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда – қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде заңда белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолдануға әкеп соғады.

Заңның 50-бабы 1-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшіге, атап айтқанда өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерден және қызметі бойынша өздеріне тәуелді өзге де адамдардан, жалпы қамқорлығы немесе қызметі бойынша жол бергені үшін сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаса, атқаратын мемлекеттік қызметінен босатуға әкеп соғады.

Өзiне сыйлықтар келiп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақшаны арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады;

  1. Әкімшілік жауапкершілік

Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына өзі немесе делдал арқылы бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлық беру, егер осы адам жасаған ісәрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластыққа байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. Бұл жағдайда аталған тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне сәйкес белгіленген әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен мүлікті уәкілетті органға толық немесе уақтылы бермегені үшін, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, атап айтқанда: мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамға немесе оған теңестірілген адамға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне келіп түскен және арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтар ҚР ӘҚБтК 472-бабы бойынша (жеке тұлғаларға-айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға – Лауазымды тұлғаларға-15 АЕК, заңды тұлғаларға – 45 АЕК) қарастырылғанғанына назар аудару қажет.

  1. Қылмыстық жауапкершілік

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексімен заңсыз сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Мәселен, ҚР ҚК 247-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органның не мемлекеттік ұйымның мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға болып табылмайтын қызметкері немесе оған теңестірілген тұлға, сол сияқты басқару функцияларын орындамайтын мемлекеттік емес ұйымның қызметкері өзінің міндеттері шеңберіне кіретін жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін материалдық сыйақы, жеңілдіктер немесе мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз алғаны үшін, сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу, дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. Осылайша, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерді және (немесе) шектеулерді сақтамау мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттік қызметшілер өздерінің барлық күштерін, білімі мен тәжірибесін өздері жүзеге асыратын кәсіби қызметке жұмсайды, өз Отаны – Қазақстан Республикасына әділ және адал қызмет етеді деп есептейді.

Басқа материалдар

Back to top button