Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілер бақ сынасты

Қарағандыда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті. Спартакиаданың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насиxаттау, қызметшілердің бұқаралық спортқа қызығушылығын арттыру және үздік ұжымдарды анықтау.

Аталмыш спорттық шараның қатысушылары шағын футболдан, қол күрестен, жеңіл атлетикадан, жүзуден, волейболдан, үстел теннисінен, кір тасын көтеруден және шаxматтан сынға түсті.

Дүбірлі додада Қарағанды, Теміртау қалалары мен Бұқар жырау, Қарқаралы аудандары әкімдігінің қызметкерлері бағын сынады. Қатысушылардың жалпы саны 160 адамды құрады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды қаласының командасы жүлделі І орынды – жүзу мен волейболдан еншілесе, Теміртау қаласы әкімдігінің қызметшілері – үстел теннисі мен кір тасын көтеру спортынан қарсыластарынан дара шықты. Сондай-ақ, Қарқаралы ауданы әкімдігінің қызметшілері – шағын футбол және жеңіл атлетикадан І орын тұғырына көтерілді. Ал, Бұқар жырау ауданы әкімдігінің өкілдері – қол күрес пен шахматтан І орынды иемденді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан марапатталды.

 

Нұрдос КӘРІМ,

«Орталық Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ қаласы

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button