Жаңалықтар

Мейірім мен ізгілік – мешітте

Қарағанды облысының Әнет баба мешітінде әлеуметтік ахуалы төмен, көпбалалы шаңыраққа жататын немесе мүмкіндігі шектеулі оқушылары бар 350 отбасына көмек көрсетілді. Биылғы оқу жылының басында «Мектепке жол» акциясы аясында мұқтаж отбасыларға сөмкелер мен оқу құралдары таратылды.

Республика көлемінде жүретін «Мектепке жол» науқаны бұл мешітке бірінші рет соғып тұрған жоқ. Шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы оқушыларға көмек қолын созу ертеден үрдіске айналған. Және, білуімізше, биыл облыс орталығындағы Әнет баба мешітіне әл-Машани, Балақажы мешіттері қосылып, қайырымдылық жолында тізе түйістіріп отыр. Кейбір көмекке мұқтаж көпбалалы отбасына екі-үш сөмке, оқу құралдары қарастырылыпты. Қайырымдылық науқанында мешіт шарапатын көрген 350 отбасы – Қарағандының басындағы тұрғындар. Науқан облыс орталығымен ғана шектелмейді. Басқа да қалалар мен аудандарда да жүретін көрінеді. Мұсылмандықтың басты белгісі – қамқорлық пен қайырымдылық иманнан тумай ма?!

«Үмітсіз – шайтан ғана». Солай болған соң, жақсылықтан үмітсіз жан жоқ шығар. Әлеуметтік көмекке зәру ағайынның көпшілігі мұнда алдын ала өздері келіп жазылып қояды екен. Тізім сол бойынша жасалады. Ал, қаржы көзі жоғарыда аталған үш мешіттен. Сонымен, қатар, өз ықыласымен қосылатын демеуші азаматтар мен жамағаттың да үлесі жоқ емес.

Жәнібек ӘЛИМАН,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button