Жаңалықтар

Медициналық қызмет сапасы – бақылауда

Облыс әкімі Ерлан Қошановтың биылғы есеп беру кездесуінде түрлі тақырыптағы сан алуан сұрақ қойылған-ды. Солардың бірі Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақара кентінің тұрғыны Орынтай Садықованың ауданда көрсетілетін медициналық көмек сапасының төмендігіне қатысты сұрағына бүгінде нақты іспен жауап берілді.

Кент тұрғыны сонымен қатар, медициналық құралдардың қолданылмай тұрғанын, дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін айтқан болатын. Бұл мәселенің шешімін табу облыс әкімінің орынбасары Асхат Аймағамбетовке, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ержан Нұрлыбаевқа, сондай-ақ, Бұқар жырау ауданының әкімі Шагурашид Мамалиновке тапсырылған еді.

Бұқар жырау ауданы орталық аудандық ауруханасының бекітілген норматив талаптарына сәйкес медициналық техникалармен, жабдықтармен қамтамасыз етілу жайы тексерілді. Нәтижесінде медициналық техникамен қамтамасыз етілу деңгейі 60,4%-ды құрайды, бұл ретте облыстық көрсеткіш 74,09% екенін айта кеткен жөн.

Материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша жоспарлы түрде жыл сайын тиісті шаралар өткізіледі. УДЗ, рентген аппараттары, реоэнцефалография және басқа да аппараттар қалыпты жұмыс істеп тұр. Қаржылық лизинг талаптары бойынша лапароскопиялық құрал алынған. Тағы да басқа құрал-жабдықтар алу үшін аурухана әкімшілігі 3 жылға тапсырыс берді.

Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Дәрі-дәрмектің биылғы жылдағы қоры алдағы 8 айға жеткілікті. Көрсетілетін медициналық қызмет сапасы үнемі қадағалауда. Осы мақсатпен сауалнама, мониторинг тұрақты негізде жүргізіледі.

Жансая ОМАРБЕК

Басқа материалдар

Back to top button