Жаңалықтар

Медаль иесін тапты

           Чернобыльдегі техногендік апаттың зардабын жоюға қатысқан 80 балқаштықтан, қазір қалғаны – қырық. Өлім сепкен сәулеге қарсы «тірі қалқан» болған батыр жерлестерге қалада ескерткіш белгі қойылған.

Жуырда қала әкімдігіндегі кезекті кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 5 желтоқсандағы №594 Жарлығын оқып берген қала әкімінің орынбасары Айдын Қапашев  «Балқаш Су» кәсіпорнының экскаваторшысы, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқан құтқарушы Виктор Бельчиковтің омырауына «Ерлігі үшін» медалін тақты. Жарлықта марапат иесінің Чернобыльдегі техногендік апаттың зардабын жою кезіндегі көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы, Балқаш қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өскелең ұрпаққа жауынгерлік-отансүйгіштік тәрбие беруге қосқан елеулі үлесі, қоғамдық өмірдегі белсенділігі атап көрсетілген.

Суретте: марапаттау сәті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button