"Білгенге маржан"

Құмай жылғы қырандар

     «Ит – жеті қазынаның бірі». Осынау Ит жылы туғандардың қатарында да Қазақтың қара нарлары бар. Арқадан ат оздырған тұлғаларға газеттің «Білгенге – маржан» айдарында кезек бердік…

Қазақтың Тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров Ит жылы (1946 жылы) өмірге келген екен. Біртуар Батырымыз туған өлкесі – Қарағанды аймағындағы мерейтойларға арнаған құттықтауларын, халыққа деген ақ тілегін «Орталық Қазақстан» газеті арқылы жолдауды дәстүрге айналдырған.

Ақын, Ха­лық­аралық «Алаш» сыйлығының иегері Ғалым Жай­лыбай да Ит жылы (1958 жылы) туған. Қаламгердің сиясы кеппеген туындыларын алғашқылардың бірі болып жариялап жүрген – біздің «Орталық» екенін оқырман жақсы білер. Ақынның әрбір жетістігін сүйіншілеп, қалың елмен бөлісетін де – біздің басылым.

Жерлесіміз, кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин де Ит жылы (1982 жылы) дүниеге келіпті. Қазақстанның көк байрағын әлемдік аренада желбіретіп жүрген Гена – еліміздің мақтанышы. «Мен – қазақпын!» деген қайсар ұлдың да жекпе-жектерін, жеңісті сәттерін бұқара асыға күтеді. Сондықтан, «Орталық» Геннадий Головкиннің жетістіктерін өздеріңізбен бөлісуге қашанда әзір.

Алла алдағы жылы да Алашқа айдарынан күн сүйген алтын асықтай ұлдарды сыйласын.

Маржан терген Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button