Майқұдықта жаңа емхананың құрылысы басталды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов 11-ықшамауданда салынып жатқан жаңа емхананың құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстары биыл желтоқсан айында аяқталады.

Жаңа емхана 8 мың адамға қызмет көрсетуге лайықталған. Оның жобасын инвестордың өзі ұсынған екен. Медициналық мекеме екі қабатты болады. Жалпы ауданы — 1 628,7 шаршы метр. Сонымен қатар, емхананың ауласына инвестордың есебінен абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.