Майқұдықтағы мерейлі кеш

Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде қаланың 85 жылдық мерейтойына орай «Қарағанды – Сарыарқаның қазынасы» атты мерекелік кеш өтті. Шараға қаламыздағы есімдері елге белгілі өнер иелері мен шығармашылық топтар қатысты.

Кеште «Серпер» домбырашылар ансамблі мен «Нұрби» би тобы өз өнерлерін паш етті. Жүргізушілер тарапынан қала тарихына байланысты айтылған құнды деректер мен ыстық лебіздер көрермен көңілін серпілтті. «Қарағанды вальсі» әнін орындаған «Жас толқын» вокальдық студиясы да өз шеберліктерін танытты. Шара барысында көптеген халық әндері айтылды. Жүрек тебірентер күйлер домбырамен, скрипкамен орындалды. Ал, дауылппаздардың үні бір бөлек жөні бір бөлек. Әр этностың билері биленіп, эстрадалық әндер шырқалды. Ал, поэзиялық шығармалар нақышына келтіріле оқылғанда, жұрт еріксіз қол соқты. Мерекелік көңіл-күй күй сыйлаған дүбірлі кеш «Қазақ елі» әнімен мәресіне жетті.

Өз тілшімізден