Жаңалықтар

Майқұдықта барлық қоқыс контейнерлері ауыстырылады немесе жөнделеді

Майқұдықта 655 қоқыс контейнерлері бар. Үш жүз контейнер осы көктемде ауыстырады, ал қалғандары жөнделеді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Контейнерлер үш кезеңмен ауыстырылады. Сәуірдің бірінші жартысында 50 қоқыс контейнерлері жаңартылды. Ал сәуірдің екінші жартысында 100 контейнер ауыстырылып, тағы 150 жаңа қоқыс жәшігі мамырдың соңына дейін орнатылмақ.
Сондай-ақ қалада жаңа қоқыс жинайтын жәшіктер орнатылуда. Барлығы облыс орталығында ондай жәшіктердің саны мыңға жуық болады. 
Урналар халық көп жиналатын орындарда, жаяу жүргіншілер өткелдерінде және автобус аялдамаларында орнатылмақ. Қала басшылығы қолайлы қоқыс жәшіктерін таңдаған – ешқандай көркем оюларсыз және үлкен бөлшектерсіз. Жаңа урналарды бұзақылардар және ұрылардан сақтау үшін, бетондалған табандарға орнатылған. 

Басқа материалдар

Back to top button