Жаңалықтар

Махмұд Қасымбек Тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды

Махмұд Қасымбек Тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

“М.Б. Қасымбековті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы” Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімі:
 
Махмұд Базарқұлұлы Қасымбеков Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалсын”, – делінген хабарламада. 

Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н. Назарбаев

Астана, 2019 жылғы 19 наурыз

                 № 3

Басқа материалдар

Back to top button