Жаңалықтар

Мақсат – жемқорлықты жою

     Жуырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос СӘРСЕНОВТІҢ қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Департамент жанынан құрылған Арнайы мониторингтеу тобының және Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының 2017 жылғы жұмысы қорытындыланды.

Мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті бірігіп жүргізуі шарт.  Сондықтан, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясаты қоғаммен өзара әрекеттесуді алдыңғы қатарға қояды. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның нысаналы индикаторларының бірі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы. Департамент жанынан құрылған консультативтік кеңес органдары осы мақсатқа жұмылған.

Мәселен, ведомствоаралық жұмыс тобының мақсаты – мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың, азаматтық сектор өкілдерінің, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың, қоғамдық қайраткерлер мен халықтың күштерін біріктіру.

Бұл жұмыс тобының құрамында мәслихат депутаттары, азаматтық қоғамның, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілердің өкілдері бар.

Өткен жылы ведомствоаралық жұмыс тобы 7 отырыс өткізді, онда 23 мәселе қаралды және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша көптеген ұсыныстар жасалды. Ұсыныстың оң орындалуының мысалы ретінде облыстағы ЖОО-да ХҚКО-ның құрылуын айтуға болады. Яғни, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді төмендету үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Қарағанды экономикалық университетінде, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетте, О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде студенттерге арналған қызмет көрсету орталықтары ашылды. Сонымен қатар, департаменттің бастамасы бойынша ХҚКО мен облыстағы 7 ЖОО арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы құжатты жүзеге асыру аясында студенттерді электрондық сандық қолтаңбамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 3636 оқытушы мен 5167 студент ЭСҚ алған.

Ал, Арнайы мониторингтеу тобының мақсаты – Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сыртқы талдау және бағалау жүргізу. Бұл топтың құрамына да азаматтық қоғамның – Өңірлік кәсіпкерлер палатасының, «Нұр Отан» партиясының, Кәсіподақтар федерациясының, мәслихаттың, ЖОО-лар және БАҚ өкілдері кіреді.

2017 жылы Арнайы мониторингтеу тобы 4 отырыс өткізсе, онда 16 мәселе қаралған және мемлекеттік орган басшыларының есептері тыңдалған.

Арнайы мониторингтеу тобының ұйытқы болуымен, мемлекеттік органдардың көлік құралдарына ерекше белгілер салу мәселесін ерекше айта кеткен жөн. Топ мүшелері, тек, отырыстарға қатысып қана қоймай, мемлекеттік қызмет көрсету жағдайларын мониторингтеу мақсатында департамент қызметкерлерімен бірге мемлекеттік органдар мен ұйымдарды аралайды.

– Біз үшін Арнайы мониторингтеу тобының, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының жүргізетін жұмыстары маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның міндеттерін басшылыққа аламыз, негізгі күшті халықтың барлық топтарымен өзара әрекеттесуге, оларды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жұмылдырамыз, әрі барлық азаматтарды осы жұмысқа ат салысуға шақырамыз, – деді Жандос Шералыұлы.

Өз тілшімізден.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button