МАҚСАТ — МӘҢГІЛІК ЕЛ

         Жер бетінде қанша жан болса, сонша тағдыр бар. Адамың не, тұтас ұлт тағдыры тәлкекке түскен тасмаңдай заман өткен?! «Кіші қазан төңкерісін» көксеген Ф.Голощекин билік құрған тұста Қазақстан сондай сорақылықты бастан өткерді. Солақай содыр саясаттың сойылы елді жаусатып салды. 40 миллионнан астам малды қырып, қолдан жасалған аштықтың салдарынан 1,5 миллионға жуық адам өлді. Ал, саяси қуғын-сүргін елді бетке ұстар небір ардақтысынан айырды.

Сондай сұмдықтан құр сүлдесі қалған Қазақ елі өз басына төнген қиындыққа қарамастан, амалсыз атамекенінен айырылып, жаппай жер аударылған өзге ұлт өкілін өкпеге теппей, бауырына басты. Күштеп көшірген фин, неміс, поляк, күрт, түрік, кавказдық қатарында өзге ұлт өренімен бірге кәріс те болды.

Өйткені, кеңестік кезеңдегі зұлым саясат пен зұлмат миллиондаған адамға запыран құстырды. Ол — заман запыраны еді.

Үздіксіз ұласқан саяси науқан мен қуғын-сүргіннен есін жия алмай жатса да қысылтаяң кезеңде бір үзім нанды бөліп жеген қазақ халқының қамқорлығы мен жақсылығын ұмыту мүмкін емес!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Біз өткенімізге қарап, ертеңімізді түзеуіміз керек».

Кеңестік биліктің кесірінен қазақ жеріне қоныс аударған этнос өкілінің барлығы бүгінде тату-тәтті өмір сүруде. Алғыс айту күнін биыл үшінші рет тойлаймыз. Бұл – елдегі барлық ұлт пен ұлысты мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, оларды бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.

Александр ЛИ,

кәріс этномәдени орталығы

 басшысының орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.