Жаңалықтар

Мұз айдыны ашылды

    «ЭКСПО» аумағында Астана қаласындағы ең үлкен ашық мұз айдыны ашылды. Жалпы аумағы – 4000 шаршы метр. Нысан 700-ге дейін адамды қабылдай алады.

«Компания жобаны өз қаражаты есебінен жүзеге асырды. Мұз айдынының пішіні «Нұр Әлем» павильонына бағытталған жебеге ұқсас», – деді «MegaIce» компаниясының директоры Ерлан Үмбетов.

Конькимен сырғанауды жаңа бастаған келушілерге жаттығу құрылғылары ұсынылады. Мұз үстінде тәртіп пен қауіпсіздікке жауапты мамандар мен нұсқаушылар болады. Келушілер үшін жеке заттарды сақтау орындары, киіну бөлмелері және тамақтану орындары қарастырылған.

Оқушылар мен зейнеткерлер үшін 50% жеңілдік қарастырылса, 6 жасқа дейінгі балалар мұз айдынына тегін кіреді.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button