Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды

Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалған еді. Сенаторлар оның төраға болуын бірауыздан қолдап, дауыс берген.