Басты тақырып

Мәселе – жіті назарда

    12 желтоқсан, сағат 14.00-де «АрселорМиттал СНГ» бас директоры Парамжит КАЛОН облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВПЕН кездесуге келді. Компанияның ұсынған шарттарын талқылау сағат 23.00-де аяқталды. Сонан соң аймақ басшысы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим БАСИНМЕН бірге шахтерлермен кездесуге жол тартты.

Сағат 00.30-да Ерлан Қошанов «Шахтинск» шахтасының кенжарына түсті. Екі сағаттық келіссөзден кейін жер бетіне 59 адам көтерілді. «Тентек» шахтасындағы кездесуден соң 76 адам жер бетіне шықты.

Сағат 03.00-де «Тентек» шахтасында Ерлан Қошанов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахталары директорларының, кәсіподақтар және бригадирлердің қатысуымен жиналыс өткізді. Мұнда тағы бір мәрте кеншілердің талаптары мен компанияның ұсыныстары талқыланды.

Сағат 04.00-де облыс әкімі «Ленин» шахтасына келіп, кенжарға түсіп, кеншілермен жүздесті. Кездесуден соң 19 адам жер бетіне көтерілді.

Сағат 06.00-де облыс басшысы «Қазақстан» шахтасына түсіп, онда да кеншілермен кездесті. Келіссөздер жалғасуда.

Нәтижесінде, 13 желтоқсан таңертеңгі сағат 8.00-ге дейінгі уақытта жер бетіне 154 кенші көтерілді.

Мұнымен қоса, әлеуметтік желілерде Шахтинскіде қамауға алу жағдайлары орын алғаны туралы мәлімет тараған. Бұл ақпаратты Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі жоққа шығарды. Полиция қызметкерлері азаматтардың жалпы дүрбелеңге бой бермеулерін сұрайды.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button