Жаңалықтар

Мұражайда түркі жазуы мен қымыз пісу бойынша шеберлік сыныптары өтті

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Халықаралық мұражайлар күнін атап өтті. Қонақтар үшін тақырыптық шеберлік сыныптары мен квест-ойындар ұйымдастырылды. 


Мұражай аумағында бірнеше алаң болды. Олардың әрбірі жеке тақырып арналған. Олардың араларындағы ең танымалы  – атқа міну мәдениетіне арналған «Ұлы даланың жеті қыры» алаңы. «Қарат» ат зауыты тірі жәдігер ретінде екі ат ұсынды. Балаларға атқа қалай отыру керек және өзіңді ат үстінде қалай ұстау керектігі туралы баяндалды. 

Сонымен қатар, «Қымыз-пати» алаңы да қалың көпшіліктің қызығушылығын туғызды.  Онда дәстүрлі сусынды дайындау туралы шеберлік сыныптары өткізілді.  
Түркі жазуы бойынша шеберлік сыныптарында қонақтар өз есімдерін түркі тілінде жазып, сөз құрастыру ережелері бойынша дәріс алды. Барлық қатысушыларға естелік үшін «түркі» деген жазуы бар білезіктер және түркі әліпбиі жазылған парақшалар берілді. 
 

Басқа материалдар

Back to top button