«Мәңгілік полк»

Осылай аталатын халықаралық акция аясында 8 мамырда орталық алаңда шеру өткенін хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.


Оған тыл және еңбек ардагер­лері, Қазақстан мен Ресей қарулы күштері әскерилері, қала кәсіп­орындары мен мекемелері өкілдері, жастар – барлығы 5 мыңнан астам адам қатысты. Шеруге қа­тысушылар соғыс кезіндегі әндер­ді шырқады. Соғыста шейіт болғандарды бір сәт еске түсірді.
Мерекелік шараның соңында бейбітшілікке байланысты игі тілектер жазылған шарлар ұшырылды.
«Мәңгілік полк» шеруі келесі күні Ұлы Отан Соғысының 73 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға ұласты. Оған ҚР ҚМ және РФ ҚМ әскери бөлімдері қатысты.
Қала әкімі Қ.Камзин және ҚР ҚМ, РФ ҚМ гарнизон командирлері ҰОС ардагерлерінің және Са­рышаған полигонының бірінші командирі С.Дороховтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Салтанаттан кейінгі іс-шара ардагерлерге, қала тұрғындарына арналаған мерекелік бағдарламаға ұласты.

Әлібек ӘБДІРАШ.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.