Мәди ауылының жағдайы қашан оңалады?

Қарқаралы ауданы, Мәди ауылдық округі тұрғындарын төмендегі мәселелер қатты алаңдатуда. Алғашқысы – ауданнан 200 шақырым, ал Егіндібұлақ кентінен 110 шақырым жерде орналасқан ауылға жеткізетін жолмен жүру мүмкін емес, көлікпен жай жүргеннің өзінде өкпең аузыңа тығылады. Мәди және Арқалық ауылдары арасындағы жолдың су бұзып кеткен тұстары әлі қалпына келтірілмеген.

Тағы бір өзекті мәселе – ауылда 40 үй бар, алайда мектеп жоқ. Сондықтан, ең болмаса, бастауыш мектеп ашылса, сол сыныптарды толтыратын бала баршылық. Үшіншісі – ауыл мешіті сауатты, ілімі бар бір имамға жарымай қойды.

2019 жылғы 27 шілдеде «Мәди ауылы күні» тойланбақшы. Соған дейін жолды ретке келтіріп берсе екен…

Мәди ауылының тұрғындары.