Руханият

Мәдениет және өнер саласының үздік қызметкерлері Қарағанды облысының әкімінің сыйлығымен марапатталды

Үздік мәдениет және өнер қайраткерлері арасында Қарағанды облысы әкімінің 2020 жылғы сыйлығы лауреаттарының есімдері белгілі болды. Кәсіби мерекеге орай жыл сайынғы байқау қорытындыланды. Биыл марапат 15-ші рет тапсырылады. Карантинге және жаппай іс-шараларға тыйым салуға байланысты салтанатты рәсімнен алғаш рет бас тартуға тура келді.

«21 мамырда біз Тәуелсіз Қазақстанда атап өтілетін жарқын кәсіби мереклердің бірі – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнін атап өтеміз. Бұл ұмытылмас әсер және жақсы көңіл-күй сыйлайтын адамдар мерекесі. Бүгін бұқаралық іс-шараларға тыйым салынса да және мәдениет мекемелері жабық болса да, біз сіздерге ерен еңбектеріңіз үшін, біздің дәстүрлерімізді, рухани және адамгершілік мұрамызды сақтауға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтқымыз келеді», – деп атап өтті аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек өзінің ресми құттықтауында.

Төтенше жағдай кезінде барлық мәдениет ұйымдары қашықтан жұмыс істеуге көшті. Бірақ аудиториямен байланыс үзілген жоқ. Әншілер мен музыканттар онлайн-концерттер ұйымдастырып, өздерінің шығармашылығымен жерлестерінің карантиндік күндерін түрлендіре түсті. Көптеген онлайн жобалар іске қосылды. Үйде отырып, мұражай залдары мен көрмелеріне виртуалды түрде баруға, түрлі байқаулар мен викториналарға қатысуға және театр актрисасымен бірге жаттығу жасауға болды.
Театр цехтарында костюмдердің орнына бірнеше рет қолданылатын маскалар тігіле бастады. Қорғау құралдарын дәрігерлерге, балалар үйінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне, көп балалы отбасыларға және аз қамтылған отбасыларға тегін таратты.
Әртістер мен режиссерлер әлеуметтік роликтерді, бейне шолулар түсірді.
Облыс әкімінің сыйлығы лауреаттарының кәсіби мерекесі қарсаңында 21 номинация бойынша жеңімпаздарды конкурстық комиссия таңдады. Дипломдар, мүсіндер мен ақшалай марапаттар әрқайсысына жеке табыс етілді.

2020 жылы Қарағанды облысы әкімінің мәдениет және өнер саласындағы сыйлығының Лауреаттары болып келесі өнер қайраткерлері атанды:
«Жыл әртісі» – Кондратьев Павел Сергеевич, К.Станиславский атындағы орыс драма театрының әртісі.
«Жыл әртісі» – Жарымбаева Қымбат Қазиқызы, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртісі.
«Үздік эпизодтық рөл» – С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының әртісі Игибаев Құрман Бекмурзаұлы,
«Жылдың театр режиссері» – Дроздецкий Владимир Владимирович, Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрының басшысы
«Жылдың театр режиссері» – Жанботаева Мируана Досжанқызы, С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының режиссері.
«Жылдың эстрада жанрының вокалисі» – Қалиев Меирлан Нұрланұлы, Егіндібұлақ ауылының мәдени-демалыс орталығының эстрадалық орындаушысы
«Жылдың классика жанрының вокалисі» – Федорова Елена Михайловна – Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының вокал әртісі
«Жылдың үздік инструменталисі» – Беспалов Алексей Николаевич – Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестігі Е.Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрінің әртісі
«Жылдың үздік инструменталисі»– Кикоть Марина Валерьевна – Академиялық музыкалық комедия театрының оркестрдің аспапшы әртісі
«Жылдың үздік инструменталисі» – Жакупова Мадина Самитқызы – Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің Тәттімбет атындағы академиялық оркестрінің әртісі
«Жылдың үздік жеке аспапта орындаушысы» – Ыбыраева Меруерт Хайруллақызы – Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің Тәттімбет атындағы академиялық оркестрінің әртісі
«Халық әндерін үздік орындаушы» – Ыбышев Құрмаш Сапанұлы – Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің «Арқа сазы» ансамблінің солисі
«Жыл хореографы» – Қошубаева Дидар Ақанқызы – Абай қаласының «Дидар» үлгілі хореографиялық ұжымының жетекшісі
«Балет және хореографиялық ұжымның үздік әртісі» – Сорокина Мария Борисовна – Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының балет әртісі
«Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі» – Ким Валентина Владимировна, Жезқазған қаласы Достық үйі «Диндалле» корей халық ансамблінің көркемдік жетекшісі
«Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы» – Желясков Виктор Васильевич – Саңыраулар мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы
«Ауылдың үздік мәдениет қызметкері» – Азамат Амантайұлы, Бұқар Жырау ауданы Ботақара кенті Мәдениет үйінің халық шығармашылығы бөлімінің басшысы
«Ауылдың үздік кітапханашысы» – Мұқанова Айнаш Түсіпжанқызы – Қарқаралы ауданының ОКЖ әдіскері
«Үздік кітапханашы» – Қойшыбаева Асыл Нұрмағамбетқызы – Сәтбаев қаласының ОКЖ басшысының орынбасары
«Үздік музей қызметкері» – Сембеков Әділет Ерланұлы, Өспен ауылындағы Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейі филиалының меңгерушісі
«Алтын жол» – Ештанаев Ғазиз Елеусізбайұлы – ақын, сценарист, драматург, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Жезқазған қаласы.
«Үздік айтыскер» – Жаманов Төлеген Нұрланұлы, Қарағанды облысының ақыны
«Жылдың үздік суретшісі» – Қалқабаев Мұрат – суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Кеншілер мәдениет сарайы “Сыршырай” бейнелеу өнері студиясының жетекшісі
«Мамандығына адалдығы үшін» – Күлшікенов Нұрлан Жұмашұлы – Ақтоғай мәдени-сауық орталығының басшысы

Басқа материалдар

Back to top button