Жаңалықтар

Ұлытауға келетін туристер саны екі есеге артқан

Қарағанды облысының әкімі Ұлытау ауданына жұмыс сапары барысында туристерге арналған визит-орталықтың және жаңа мұражайдың құрылысын тексерді. Сондай-ақ табиғи мұражай-қорықта болды.


– Қазір біздің өңірде туризмді дамыту бағдарламасы әзірленуде. Негізгі жоба – туристерге арналған визит-орталығын құру, – деді “Ұлытау” ұлттық тарихи – мәдени және табиғи қорық-мұражайының директоры Лейла Бақытова.
Сапар орталығы Ұлытау ауданында туризмді дамытудың қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Құрылыс жұмыстары маусым айында басталды. Қазір сыртқы жұмыстар аяқталуға жақын. Ендігі жоспар бойынша үй-жайлардың ішін әрлеу және қасбеттін абаттандыру көзделіп отыр. 

Лейла Бақытованың атйуынша,  сапар орталығына ақпараттық блок, экспозициялық зал, қалпына келтіру шеберханасы, кітапхана, сондай-ақ сақтау камералары, 30 орындық жатақхана және асхана кіреді. Бұл құрылыс туризмді дамыту бойынша “Ұлытау” қорық-мұражайының Үлкен жобасының бірінші кезеңі ғана. Ұлытауда пайда болатын келесі нысан –  этноауыл.
Мұражай-қорық қызметкерлерінің айтуынша, соңғы екі жылда ауданға келетін туристер саны екі есе артты. Бұл көрсеткіш одан әрі өсуі мүмкін.
– Егер 2017 жылы біздің қорық-музейге 11 мың адам келсе, соңғы екі жылда олардың саны 24 000-ға жуық болды. Адамдарға біздің тарихымыз, аймақтың киелі жерлері туралы көбірек білу қызықты. Бірақ, өкінішке орай, кейбір мәселелер бар. Ол жолдардың нашарлығы, қоғамдық тамақтану орталықтары және қызмет көрсету, – деді “Ұлытау” ұлттық тарихи – мәдени және табиғи мұражай-қорығының сәулет бөлімінің бастығы Баян Шайғозова.
Жеңіс Қасымбек өңірде туризмді дамыту қажет екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде ауданда жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

– Біз  туризм саласын дамыта отырып, біз жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ете аламыз. Бұл үшін не істеу керек? Біріншіден, жолдардың сапасын жақсартуымыз тиіс. Келесі жылы ауданда жолдарды жөндеуге қосымша қаражат бөлеміз. Екіншіден, жергілікті халықты қонақтарға қызмет көрсетуге үйрету керек. Сондай-ақ, қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану нысандарын салу және туристер келуі үшін барлық жағдай жасау міндеті тұр. Сапар орталығы мен жаңа мұражайдың құрылысын аяқтау керек, – деді Жеңіс Қасымбек.

Басқа материалдар

Back to top button