Руханият

Ұлтым – басқа, тілім – ҚАЗАҚ

Менің ұлтым – орыс. Бірақ, жүрегім «қазақ» деп соғады. Себебі, мен Қазақстанда тұрамын.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Бiз барша қазақстандықтарды бiрiктiрудiң басты факторы болып табылатын қазақ тiлiнiң одан әрi дамуы үшiн барлық күшжiгерiмiздi салуымыз керек» деп айтып өткен болатын. Сол себепті мен қазақ тілі аясын кеңейту мақсатында іс-шаралар жүргізілсе, қуана қатысамын. Мемлекеттік тілді үйрену барысында қазақ халқының жанын ұқтым. Тарихын түсіндім. Қазақ тілін білу – Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы. Бала кезімнен бастап қазақ тіліне деген қызығушылығым жоғары болды. Достарым қазақ ұлтынан болғасын тілді оңай меңгердім.

Ұстазым Аида Көптілееваның қолдауымен ендігі мақсатым – тілдік қорымды әрі қарай дамыту. Тіліміздің өркендеуі үшін әрбір қазақстандық азамат, әр қазақ үлес қосуы тиіс. Еліміздің егемендігін танытатын туған тіл болашақта толық күшіне енетініне, оны тек қазақ жастары ғана емес, байтақ даламыздағы барлық ұлт өкілдері меңгеретініне сенімдімін. Александр ЕРМАЛАЕВ, №10 орта мектептің 7-сынып оқушысы.

Александр ЕРМАЛАЕВ,
№10 орта мектептің
7-сынып оқушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button