Руханият

Ұлттық архив қоры қалай қалыптасуда?

   Мемлекеттік архивтерді толықтырудың тұрақты және негізгі көзі – мекеме архивтері саналады. Ұйымның ведомстволық архиві қағаз және электрондық негіздегі құжаттарды жинау, уақытша сақтау мен пайдалану мақсатында ұйымдастырылады. Қарағанды облыстық мелекеттік архиві мекеме, ұйым және кәсіпорында жинақталған құжаттардың құндылығы мен сапасына қарай отырып, мемлекеттік сақтауға қабылдайды. ҚР Ұлттық архив қорын қалыптастыру және ведомстволарды бақылау бөлімі мекеме архивтерімен тығыз байланыста жұмыс жасауды. Бөлімнің негізгі мақсаты – облыстық архивті ұйым, мекеме мен кәсіпорындардың ғылыми-тарихи, шаруашылық, мәдени-әлеуметтік маңызы бар, яғни, ұлттық құндылық деп танылған құжаттарымен толықтыру. Бұл мақсатқа жету үшін бөлім қызметкерлері мекемеге құжаттар қалыптастыруға, iстер номенклатурасын құрастыруға, олардың сақталуын қамтамасыз етуге және мекемеде құжаттау және құжаттаманы басқару, оларға нормативтік-әдістемелік негіздерді, нұсқаулықтарды, архив, сараптау комиссиясы туралы ережелерді және тағы басқаларды әзірлеуге және енгізуге әдістемелік көмек көрсетеді.

IMG-20170803-WA0006

Құжаттау үдерісін одан әрі жетілдіру мақсатында мекемелерге әртүрлі қызмет түрлері көрсетіледі. Мәселен, құжаттарды төлқұжаттау, кеңес беру және семинарлар өткізу. Бұл шаралар кезінде пікірсайыс ұйымдастырылып, құжаттар көрсетілімі жасалып, номенклатура үлгілерімен слайдтар ұсыну сынды түрлері қолданылады. Жыл басынан бері Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы әкімі аппараты, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы, Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, Қарағанды қаласының Октябрь ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сынды мемлекеттік мекемелерде архив қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңестер өткізілді. Мекемелерде iс қағаз жүргiзу, ведомстволық архивтер жұмысы бойынша мамандарды оқыту, үйрету арқылы құжаттардың сақталуы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары – архивтік қорды толықтыру көздері тізіміне енгізіледі.

Мемлекеттік емес ұйымдар архивті толықтыру көздері тізіміне шарт негізінде енгізіледі. Қазіргі уақытта тізімге 200-ден астам ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар енгізілген. Өкінішке орай, кейбір мекемелер құжаттарын қалыптастырып, реттеуде немқұрайлық танытып отыр. Мекемелерде архив жұмысына жауапты мамандардың болмауы, іс-қағаздарының дұрыс деңгейде реттеліп, қалыптастырмауы – құнды құжаттардың жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, барлық мекемені білікті кадрлармен қамтамасыз етсе, игі еді. Архив ісі дұрыс жолға қойылған мекемелерді айта кетсек, «Қарағанды облысының прокуратурасы» ММ, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалы, «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ, «ҚР Әділет Министрлігінің Қарағанды облысы Әділет департаменті» РММ, «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ, «ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі», «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті», «Қарағанды облысының статистика департаменті» РММ, «Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы» ММ, «Облыстық қан орталығы» КМК, «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және тағы басқалар.

Бөлім қызметінің тағы бір маңызды бағыты – ҚР Ұлттық архив қоры құжаттарын толықтыру мақсатында, жеке тектік құжаттарды ғылыми техникалық өңдеу болып табылады. Олардың деректiк маңызы, әсiресе, әдебиет, ғылым мен өнер тарихын және жеке тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметi мен өмiр жолын зерттеуде арта түспек. Бөлім қызметкерлерімен жыл сайын 200-ден астам жеке тектік құжаттар ретке келтіріліп, мемлекеттік сақтауға тапсырылады. Биылғы жылдың өзінде мұндай сақтау қызметі мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш құқық магистрі Жақып Ақбаев, бар өмірін Қарағанды облысына арнаған, соғыс жылдары облыстық әйелдер кеңесін басқарған Фатима Даненова, ҚарЛаг жайында бірнеше кітап жазған журналист, әрі, зерттеуші Екатерина Кузнецова, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, ҚР Халық ағарту ісінің еңбек сіңірген қызметкері, профессор Сұлтан Досмағамбетов, Қарағанды облысының әдебиет және өнер қайраткерлері Владимир Сухов, Надежда Мельникова, Леонид Мельников сынды айтулы азаматтардың жеке құжаттарымен толықтырылды. Бүгiнгi таңда бұл қорға тарихшы, өлкетанушы азаматтар, студент жастар тарапынан сұраныс артуда. Көптеген құжаттардың түпнұсқа қалпында мемлекеттiк сақтауға қабылдануы – қордың маңызы мен құңдылығын арттыра түседi.

Ж.УСАЙНОВА,

Қарағанды облысы мемлекеттік

архивінің бөлім басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button