Жаңалықтар

Ұлт саулығы – басты құндылық

   Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығында ДДҰ қоршаған орта және денсаулықты қорғау бойынша Еуропалық орталығының басшысы Элизабет ПАУНОВИЧТІҢ қатысуымен семинар өтті. Шарада республика тұрғындарының денсаулығын қорғау мәселесі сөз болды.

Сондай-ақ, облыстағы еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының жұмысы назардан тыс қалмады. Адамның өмірін, денсаулығын зерттеу және әлеуметтік-гигиеналық жағдайын бақылау бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.

Ләззат ИБРАЕВА, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы ғылыми жұмыс бөлімінің басшысы:

Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы әуел баста ұлттық орталық құрылғаннан және қазірге дейін республикамыздың кәсіптік патология қызметін үйлестіру бойынша басты ұйым болып саналады. Медициналық экология бойынша және жұмыс істеуші халықтың денсаулығын сақтау мәселелерін шешетін жетекші ғылыми мекеме. Соңғы жылдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен әріптестік орнатты. Сондай-ақ, ұзақ жылдар бойы Мәскеу медицина және еңбек ғылыми-зерттеу орталығымен әріптестік байланыста. Семинар кәсіптік аурулармен ауыратын науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету барысын талқылады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы зерттеулерінің маңыздылығы, білікті мамандар даярлау да қарастырылды. Еліміздегі кәсіби аурулардың тіркелу реті айтылды. Орталықтың ғылыми бағдарламалары, жобалары мен инновациялық жұмыстары талданды.

Бүгінгі таңда Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы – ел өнеркәсібінің дамуына ықпал ететін адамдардың денсаулығына жауапты бірден-бір мекеме. Ғылыми-практикалық қызметінің бағыттары елімізде – өзекті.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button