Жаңалықтар

“Life09”-бен ақпарат кеңістігіне

Қарағандыда сапалы әрі мағыналы видеоконтент жасап жүрген медиа орталық жоқтың қасы. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «life09» медиа орталығы сәтті видеоконтент жасауды қолға алған екен. Жуырда ғана жұмысын бастаған медиа орталықтың құрамының дені – жастар.

Ашылғанына небары үш ай болса да, тың дүниелер ұсынып жүрген «Life09» – бейне, мәтін, аудионы бір арнаға тоғыстыра білген таптырмас жоба. Тағы бір ерекшелігі ақпараттық қана емес, танымдық дүниелерге толы медиа орталық аз уақыттың ішінде Сарыарқаның киелі жерлері мен туристік орындарынан сапалы видеоларды, кез келген саладағы маман иесінің бір күндік жұмысын, сауалнамалар мен қызықты деректерді ұсынып үлгерді. Осы жолды мақсат еткен талапты жастардан құралған шығармашылық ұжым өңірді барлық қырынан танытуды мақсат етеді.

«Ақпаратты уақытылы беру бір бөлек те, оны жеткізу тәсілі мүлдем басқа. Барлығы осы тәсілді игеруге байланысты. Әлі де дами түсеміз», – дейді «Life09» медиа орталығының редакторы Ерболат Қуатбек.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button