Жаңалықтар

Әлеуметтік жағдайды жақсарту жолдары

Наурыз айының басында Елбасы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында еліміздің дамуы үшін маңызға ие тағы бір құжатты жариялады. Осы отырыста Елбасы ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайды көтерудің бес бағытын ұсынды: әуелі қазақстандықтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі. «7-20-25» бағдарламасы бойынша жылдық қайтарымы 7 пайыз болатын және қайтарым мерзімі 25 жыл несиелерін беру көзделді. Сондай-ақ, құрылыс материалдарының да қолжетімді болу қажеттілігі сөз етілді.
Салық ставкаларының төмендету арқылы ел азаматтарының жағдайын жақсартуға жәрдемдесу келесі айтылған мәселе болды. 2019 жылдың 1 қаңтарында салық мөлшерлемесін 10 есе азайтып, әлеуметтік жағдайды біршама жоғарылату үшін жағдайлар жасау.
Одан кейінгі басымдық білім саласына берілді. Осы оқу жылында мемлекеттік гранттар санын 20000 орынға көбейтуді қарастыру. Техникалық, ауыл шаруашылық салалары мамандықтарына гранттар санын өсіре отырып, жас қазақстандықтардың сапалы білім алуына қол жеткізу арқылы болашағымызды қорғауға мүмкіншілік аламыз. Жастардың тұрғылықты жатақханалармен қамтамасыз етуде, 2022 жылға дейін 25 000 орын дайындау тапсырылады. Бұл студенттердің пәтер шығындарының болмауына, жатақханаға деген сұранысты толығымен жоюына мүмкіндік береді.
Қазақстандықтардың іскерлік белсенділіктерін арттыруға, жұмыссыздықтың санын азайтуға байланысты шағын бизнесті қолдау үшін 20 млрд. теңге бөліну қажеттілігі аталды. Жұмыссыздықтың деңгейін азайтып, екі қолға бір күрек іздегендерге, өз ісімен айналысқысы келген азаматтарға жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Қазақстан аймағында газ құбырларымен толық қамтамасыз ету үшін барлық жағдайларды жасау – үндеудің бесінші бастамасы. Еліміздің 9 аймағында қамтылған газ құбырларын, басқа аймақтарға, оның ішінде, Қызылорда аймағына құбыр тарту жұмыстары басталып кеткендігін айта отырып, Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана газ құбырының салынуы 2 млн. 700 мың адамның тұрмыстық деңгейін жақсартуға мүмкіндік беретінін айтты Мемлекет басшысы.
Осы аталған бес бағыт еліміздің әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, жұмыспен қамту мәселесін шешуге, ел экономикасының дамуына үлкен септігін тигізетін болады. Әрбір бағытты орындауға барлық Парламент депутаттарының атсалысуын, егер мақсаттарға қолжеткізу үшін заң жобаларын өзгерту қажеттілігі туындап жатса, қайта қарастыруды тапсырды. Барлық бағыттағы тапсырмалардың орындалуы шынайы түрде, қол жеткізуге болатын жағдайлар. Сондықтан, оның орындалу барысы, нәтижелерін қадағалау «Нұр Отан» партиясына тапсырылды.
Біздің еліміздің тәуелсіз ел болып қалыптасуы бірден болмағандығы тарихтан аян. Көптеген қиыншылықтар мен сынақтардан өту арқылы, ата-бабамыздың аңсаған армандарына қол жеткізгенімізге биыл желтоқсан айында 27 жыл толмақ. Осы жылдар аралығында қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған бес бастама дер кезінде қарастырылды деп санаймын. Елбасының, әлеуметтік топтарға көңіл бөлуі, ел болашағы жастардың тұрғын-үймен қамтамасыз ету жолдары бойынша ұсынған бағдарламалары тиімді, әрі шынайы орындауға болатын қадам.
Білім саласында Қазақстан аймағында экономикалық маңызы бар, сұранысқа көп ие техникалық мамандарды даярлау бойынша, ауыл шаруашылық саласына қатысты мамандарға мемлекеттік гранттардың санын арттыру арқылы, қажетті, әрі сапалы кадрлар шығаруға мол мүмкіншілік береді. Бәсекеге қабілетті жас мамандарымыз өз істерін ашу арқылы еліміздің алға ілгерілеуіне зор үлесін қосары сөзсіз. Еліміздің экономикалық жағдайының жақсаруына жасаған қадамдары арқылы, оның ішінде, кәсіпкерлік саласын дамыту арқылы, біз қазақстандықтар өзіміздің стратегиялық мақсаттарымызға, тәуелсіздігіміздің нығаюына, келісім мен бейбітшілікте өмір сүруімізге толық сенімдіміз. Ол үшін әрбір қазақстандық ел экономикасын, әлеуметтік жағдайын жақсартуға байланысты өз үлестерін, білімділіктері мен бәсекеге қабілеттіліктерін көрсете білсе болғаны.

 

Ләззат Магзумова,
Қарағанды мемлекеттік
медицина
университетінің
оқытушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button