Әлеуметтік төлемдер қажет болған жағдайда инфляция деңгейімен сәйкестендіріледі

Мемлекеттік бюджетте 2020 жылы 4 миллионнан астам әлеуметтік төлем алушы үшін 3 триллион 377 миллион теңге қарастырылған. Зейнеткерлер мен жәрдемақы төлеушілердің сатып алу қабілетін сақтау мақсатында төлем көлемі 5%-ға артқан. Ал, зейнетақы көлемі 7%-ға ұлғайыпты. Бұл туралы бүгін Үкімет  отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Министрдің айтуынша,  әлеуметтік төлемдердің мөлшері қажетті жағдайда инфляция деңгейімен сәйкестендірілетін болады.

«Халықты жұмыспен қамту бойынша барлық шаралар қолданылады. Оның ішінде мемлекеттік «Еңбек« бағдарламасының әлеуеті толық пайдаланылады. Осы жылы біздің жоспарымыз бойынша 735 мың адам жұмыспен қамту көзделіп отыр. Бағдарламада дағдарысқа ден қою бойынша қажетті шаралар көзделген. Олар: жұмыссыздарды қайта оқыту, жеңілдетілгнен несиелер және микробизнесті дамыту үшін гранттар беру, субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру. Осы шараларға жергілікті және республикалық бюджеттен 323 миллиард теңге көзделген», — деді Біржан Нұрымбетов.