Жаңалықтар

Әлеуметтік салаға – әлеуетті серпін

       Әлеуметтік қызметкерлердің Бірінші қазақстандық Форумы Астана қаласында 2017 жылғы 20 қыркүйекте өтеді.

      Форумның мақсаты – халықты әлеуметтік қорғау саласында жинақталған тәжірибені қорыту және саланың басты бағыттарын анықтау, қазіргі заман қоғамында әлеуметтік қызметкерлердің үлесі мен рөлін арттыру және күшейту. 

Іс-шараның ұйымдастырушысы – БҰҰ, БҰҰ Балалар Қорының даму бағдарламасы, көші-қон бойынша Халықаралық ұйымдары, ЕҚЫҰ, БҰҰ-әйелдері қолдауымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Форумға шамамен 500 қатысушы, оның ішінде, Ұлыбритания, Сербия, Хорватия, Чехия, Ресей, Грузия мемлекеттерінің халықаралық сарапшылары шақырылады. Іс-шараларға Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті атқарушы органдар, оқу орындары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Тәжірибе-мамандары, ғалымдар, қоғамдық және саяси қайраткерлер аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік жұмыстың даму ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін талқылайды, мүгедектерге, қарттарға, баспанасыз тұлғаларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбандарына кәсіптік көмек көрсетудің қазіргі заманғы технологиясына көңіл бөледі.

Түзеу мекемелерінде, денсаулық сақтауда әлеуметтік жұмыстың даму келешегін және тәжірибесін, әлеуметтік саясатты іске асыруда ведомствоаралық және бөлімаралық өзара әрекеттесудің жаңа тетіктерін және мүмкіндіктерін талқылау жоспарлануда.

Әлеуметтік қызметкерлердің Бірінші Форумының күн тәртібіне әлеуметтік жұмыстағы менеджмент, әлеуметтік қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде коммерциялық емес ұйымдардың қатысуын кеңейту, еріктілікті және қайырымдылықты қолдау сияқты өзекті сұрақтар енгізілді.

Форум аясында «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» 5-ші мерейтойлық Республикалық Көрмесі және «Әлеуметтік аударымдар – жұмысбасты халыққа сайма-сайлық әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету» семинары өткізіледі.

Форум Қазақстан тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын және қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік саланың одан арғы инновациялық дамуы мақсатында тиімді шешімдер, әлеуметтік жұмысты жаңғыртудың бағыттарын және жаңа идеяларын іздеу, жаңа байланыстарды орнату орны болады.

Форумның материалдарымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz ресми сайтында http://www.kswf.kz/ сілтемесі бойынша өту арқылы танысуға болады.

 

М.ГАЛИУЛЛИН,

Қарағанды облысының

жұмыспен қамтуды

 үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін

атқарушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button