Басты тақырыпОблыс әкімі

Әлеуметтік-экономикалық салада оң өзгерістер

Қарағанды облысында әлеуметтік-экономикалық саланың негізгі көрсеткіштерінде өсім байқалады.

Облыс әкімінің бірінші орын­басары Асылбек Дүйсебаев өңірдің осы жылдың сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсет­кіш­терін қоры­тын­дылаған жиын өткізді.

Жиынға облыстық басқар­малардың, статистика департа­менті­нің басшылары қатысты. Сондай-ақ, қалалар мен аудандар әкімдері де бейне-селекторлық режим арқылы қатысты.

Мемлекеттік және үкіметтік бағ­дар­ламаларды жүзеге асы­рудың нә­тижесі, осы жылдың 8 айында облыс бойынша әлеу­меттік-экономикалық өсімнің оң көрсеткішке ие болғанын көр­сетеді.

Жалпы, 1,2 трлн. теңгенің өнер­­кәсіптік өнімі шығарылған (өсім көлемі – 3,1%). ауыл шаруа­шылығы саласының өнім көлемі 1,4%-ға (106,9 млрд. теңге) артты. Салық және өзге де міндетті төлемдер есебінен жергілікті бюджетке 84 млрд. теңге түсті. Өңірлерді дамыту бағдарламасы арқылы 201,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5,5%-ға артық көрсеткіш.

Әлеуметтік салаға тоқталар болсақ, ана өлімі өткен жылдың 8 айы­мен салыстырғанда 24%-ға кеміген.

Туберкулезбен ауыру және сол дерттен көз жұму көрсеткіші де, тиісінше, 18,2%-ға және 4,3%-ға төмендеген.

Білім саласында да ілгерілеу байқалады.

Жиын соңында Асылбек Дүйсе­баев облыстың әлеуметтік-эко­но­ми­калық өсім көрсеткіштерін сақ­тау, экономикалық өсімді қамту мақсатындағы жоспарлы міндет­темелерді сапалы орындау бойынша нақты тапсырмалар жүктеуде.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button