Әлеуметтік дәріхана ашылды

           «Казцинк» компаниясының құрамындағы «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ Жәйрем кентінде әлеуметтік сипаттағы оң өзгерістердің орын алуына дәнекерлік етіп келеді. Жуырда компанияның тікелей қолдауымен жергілікті тұрғындарға есігін айқара ашқан әлеуметтік дәріхана – ауқымы кең істердің болмашы бір айғағы.

Соның нәтижесінде жәйремдіктер өздеріне қажетті дәрі-дәрмекті мейлінше қолжетімді бағамен сатып алатын болды. Нақтылай түссек, олардың сатылым құны көтерме саудадағы баға құнынан 5 пайызға ғана жоғары, яғни, үстеме бағада тасымал шығыны ғана есепке алынған.
Осы орайда дәріхана ғи­­­маратының жөнделуі, қажетті қондырғы-жабдықтар мен жиһаздардың сатылып алынуы, сондай-ақ, олардың жеткізілуі аталған компания­ның қаражаты есебінен жүр­гізілгенін айрықша атап өткен жөн. Тұрғындар сұранысына ие дәрі-дәрмектердің үздіксіз жеткізіліп тұру жайы да – тұрақты назарда. Жаңа дәріхананың ұтымды бір ерекшелігі – сирек тұтынылатын дәрілерге арнайы тапсырыс беру мүмкіндігінің тудырылуы.
Кент тұрғындарының, әсі­ресе, зейнеткерлер қауымы мен әлеуметтік тұрғыда аз қамтамасыз етілген адамдардың ізгі ниетті ұстанған компания басшылығына айтар алғысы шексіз.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ
ҚАРАЖАЛ кенті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.