Бас тақырыпЖаңалықтар

Әлемдік рейтингте БІРІНШІ

Жуырда «El Paso Times» басылымы әлемнің ең үздік боксшылары тізімін жариялады. Америкалық басылымның мәлімдеуінше, тізімде көшбасшы болып, орта салмақта «WBC», «WBA» (Super) және «IBO» тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий ГОЛОВКИН жайғасқан.

Айта кетейік, қарсыласы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес тек алтыншы болып тұр.

«El Paso Times» ең үздік боксшылар толық тізімінде бірінші жерлесіміз Геннадий Головкин, екінші украиналық боксшы Василий Ломаченко, үшінші америкалық боксшы Теренс Кроуфорд және тағы да америкалық боксшылар Майки Гарсия мен Эррол Спенс-кіші төртінші, бесінші орында тұр. Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес алтыншы орынды, жетінші тайлық боксшы Срисакет Сор Рунгвисаи, жапон боксшысы Наоя Иноуэ сегізінші, украиналық боксшы Александр Усик тоғызыншы, британиялық кәсіпқой боксшы Энтони Джошуа оныншы болып тізімді түйіндеген.

 Генаға жанкүйер болайық. Жерлесіміздің қарымта кездесуі 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласы «T-Mobile» аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы тең түскен еді. Бұл жолы екі былғары қолғап шебері көпшілікке тамаша жекпе-жекті тарту етеді деп топшылануда.

Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button