Әлемдегі ең ерекше арал

Жер бетінде тіршілік қалай пайда болды? Ғалымдар бұл сауалдың жауабын Исландияның оңтүстік бөлігіндегі Суртсей аралын зерттеу арқылы таппақ.

1963 жылы су астындағы жанартау жойқын күшпен атқылай бастайды. Үш жылдың ішінде миллиондаған тонна лава су бетіне көтеріліп, кішігірім аралға айналған. Оған Норвегия мифологиясындағы отты алып Суртананың құрметіне Суртсей аралы деген атау берілді.

Арал ғалымдарды несімен қызықтырды? Жанартау атқылауын тоқтатқан соң, мұнда жаңа экожүйе қалыптасқан. Аз жылдың ішінде түрлі өсімдіктер өсіп, құстардың мекеніне айналады. Ғалымдар аралдағы экожүйенің даму барысын зерттей отырып, жер бетіндегі тіршіліктің пайда болу құпиясын ашуды көздейді. Сондықтан да аралға зерттеушілерден басқа адам баласының аттап басуына тыйым салынған.