Жаңалықтар

Ұлантай Үсенов: “Гоголь көшесінен қазына іздеп жатқан жоқпыз…”

Жаз шықса Қарағандыдағы Гоголь көшесінің тұрғындарынан маза қашады. Ұзаққа созылған жөндеу жұмыстары қарапайым халық пен бизнес өкілдерінің  берекесін қашырған. Жолдың жабық болуынан шаршаған жұрттың арасында “шенеуніктер қазына іздеп жатыр”  деген әзіл де тарап үлгерді. Ал, Қарағанды облыстық Энергетика және ТКШ басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Ұлантай Үсеновтің мәлімдеуінше, Гоголь көшесінен ешкім қазына іздеп жатқан жоқ.

– Барлығы Гоголь көшесінде не іздеп жатыр? – деп қалжыңдайды. Онда ешқандай қазына жоқ. Біздің міндетіміз – коммуникацияларды ауыстырып, олар көп уақыт бойы қызмет етуі үшін дұрыс жағдай жасау. Гоголь көшесінің бойымен барлық коммуникациялар өтеді: жылу желілері, су құбырлары және кәріз. Жөндеу жұмыстарын кезеңмен 2015-ші жылдан бастадық. Алдымен Боулингтен Сәтпаев көшесіне дейінгі бөлікте жылу жүйесін ауыстырдық. Сонан соң сумен қамту жобасы болды – Сәтпаев көшесінен бастап Мешітке дейін шамамен 4 шақырым құбырларды ауыстырдық. Биылғы жылы магистралдық желілерді ауыстыруды жалғастырдық: боулингтен көпірге дейін. Бұған қоса «Қарағанды Су» компаниясы 1,5 шақырым кәрізді ауыстырды, – деді Ұлантай Үсенов. 

Айта кету керек, келесі жылы Гоголь көшесін ешкім қазбайды, жөндеу жұмыстары жүргізілмейді. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button