Жаңалықтар

Лайықты марапат – байыпты байлам

     Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ 2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығы бойынша өздеріңіздің жерлестеріңіз, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Зарқын Сыздықұлы ТАЙШЫБАЙҒА «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

    Жоғары марапатты Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев Астана қаласында тапсырды. З.Тайшыбай бұдан бұрын «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Қазақстан жоғары білімінің үздік оқытушысы», Қазақстанның Құрметті журналисі, Тіл жанашыры, Қазақ тілінің жанашыры, Ахмет Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» алтын медалінің иегері атақтарын алған. Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің және «Болашақ» университетінің құрметті профессоры. Таяуда М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да көрнекті ғалым әрі ұстаз Зарқын Тайшыбайға құрмет көрсетілді.

Ерлан ТОҚШЫЛЫҚ,

Қазақстан журналистер Одағы Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымының төрағасы, «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының директоры.

ПЕТРОПАВЛ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button