Жезқазған

Корей медицинасы – Жезқазғанда

Жезқазған дәрігерлері Ёнсе университетінің арнайы бағдарламасы бойынша оқудан өтеді. Оларды «Северанс» жетекші корей клиникаларының бірінің мамандары оқытатын болады.

Бұл «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, Ёнсе Оңтүстік Корея университетінің «Северанс» госпиталі және «Severance-KZ халықаралық медициналық қоры» қоғамдық қорының басшылары қол қойған меморандумның арқасында мүмкін болды.

Оңтүстік кореялық мамандар Жезқазған медициналық орталығының қызметкерлеріне ғылыми және өнеркәсіптік медицина саласында тәжірибелік және консультациялық көмек көрсетеді. Келісім, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ең заманауи технологияларды енгізуді және Ёнсе университетінің арнайы әзірленген бағдарламасы негізінде дәрігерлерді оқытуды көздейді.

Қазір шетелдік мамандар жезқазғандық «ЛУЧ» және «АураМед» оңалту орталықтарының қызметкерлеріне шеберлік сабақтарын өткізуде. Олар әртүрлі массаж техникасын көрсетіп, терапияның инновациялық әдістері туралы айтады.

Ёнсе – Кореядағы алдыңғы қатарлы және көне университеттердің бірі. 1885 жылы Че-Донда құрылған, ал 1962 жылы Синчхонға көшірілген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button