Жаңалықтар

Конституция – тиімді инновациялық даму негізі

«Конституция біздің бостандықтарымыздың негізіне айналды. Ол бізге Тәуелсіздік алып келген жеңістеріміздің, біздің тапқан табыстарымыздың бүкіл кешенін баянды етті».

Нұрсұлтан Назарбаев.

2016 жыл Қазақстанның саяси күнтізбесінен ерекше орын алады. Осы жылы еліміздің Тәуелсіздік алғанына – 25 жыл. Ширек ғасыр бұрын мемлекетіміздің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылданды. 90-шы жылдардың басында орын алған дағдарыс посткеңестік кеңістіктегі елдердің дамуына кері ықпал етті. Қазақстан өтпелі кезеңнің аса ауыр дағдарысын еңсеріп, 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда жас мемлекетімізге тұрақты ұзақ мерзімді саяси-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берген Ата Заңын қабылдады. Конституциямыз бірлігімізді нығайтып, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Конституционализм және мемлекеттің конституциялық саясаты оның ұлттық қауіпсіздігінің шешуші кепіліне айналды.

Мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясаты Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары арқылы реттеліп отырады. Адам мен азаматтың құқықтары мен еркіндігі заңдық және материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілген. Ата Заңымыздың 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп анықтама берілген. Конституцияда әлемдік өркениеттің жетістіктеріне негізделген ұлттық құқықтық жүйені дамытудың шешуші бағыттары қарастырылған. Қазіргі таңда Негізгі Заң қоғамдық процестерді құқықтық мемлекеттің әрі қарай дамуына бағыттауға арналған, ондағы нормативті бекітілген берік мақсаттар қоғамның прогрессивті қайта құрылуына қызмет етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы, ең алдымен, жаңа көзқарастың, жаңа халықтық-құқықтық сананың шоғырландырылған көрінісі.

Мемлекеттің базистік саяси-құқықтық құжаты ретінде, Конституция елде азаматтық қоғамды құрудың құқықтық іргетасы болып табылады. Демократиялық Конституция қоғамның эволюциясын қамтамасыз етуге, прогресті көтермелеуге, жеке тұлғаның дамуына ықпал етуге тағайындалған. Мемлекеттің Негізгі Заңы адамдардың өмірлік мүдделерін қозғайтын басты сұрақтарды шешеді, қоғамның, мемлекеттің, жеке тұлғаның өмірінің негізгі салаларын реттейді. Негізгі Заң шоғырланған түрде конституциялық құрылымның, мемлекеттік ұйымдастырылуының, адам мен азаматтың құқықтық орнының принциптерін бекітеді. Сонымен қатар, Конституция қоғам мен мемлекеттің алдына стратегиялық міндеттерді қоятын, қоғам мен адам қызметінің барлық салаларында әрі қарай даму бағыттарын сұрататын бағдарламалық құжат болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған идеялар мен принциптер елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесінің дамуының негізгі бағыттары мен механизмдерінің алдағы стратегиясын негіздеуге мүмкіндік береді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы құқықтық дамудағы негізгі тенденцияларды қалыптастырудағы Қазақстан Республикасы Конституциясының ролі осылай бағаланды.

Бүгінгі әлем жаһандануының қарқынды процестері қазіргі конституционализмнің негіздерінің өзгеруінде көрініс табады, оның құндылықтарын түсінуге және негіздеуге түбегейлі жаңа амалдарды талап етеді, қажеттілікті ұсынады, ең бастысы, конституциялық реттеудің әлемдік тәжірибесін ескеру мен ұлттық және халықаралық құқығының өзара әрекет ету тәжірибесін ұғынуға және түсінуге жаңа амалдарды сөз етеді. Жаһанданудың жан-жақты сипаты, осы құбылыстың қажеттілігі мен бағасына қарамастан, әлеуметтік өмірдің барлық салаларына, соның ішінде, құқықтық жүйеге де таралады. Қазіргі құқықтық жаһандануды сипаттайтын құқықтық конвергенция мен аккультурация процестері одан әрі тереңдей түседі. Құқықтық жаһандану әкелетін жаңа қауіп-қатерлермен байланысты конституциялық қауіпсіздік ұғымы түрленіп, конституциялық, тиісінше, құқықтық реформаларды бағалау және өлшеудің жаңа критерийлерін талап етеді.

Мемлекет басшысы ұсынған Қазақстан дамуының өр мақсаттары, мемлекетіміздің әлемнің дамыған елдері қатарына енуі ұлттық құқықтық жүйеге жоғары талаптар қояды. Ұлттық құқықтық жүйе уақыттың қазіргі талаптарына жауап беріп, адам, қоғам өмірінің сапасын жоғарылату және мемлекеттілікті нығайту бойынша өткізіліп жатқан курстарды тиімді қамтамасыз етуі керек. Бұл мемлекеттің норма шығармашылық және құқық қолданушылық қызметінің уақытылы және дұрыс жаңаруын талап етеді.

Мемлекеттің конституциялық дамуының әрбір кезеңі әлеуметтік-құқықтық құндылықтардың әрекет ету жүйесіне белгілі бір түзетулерді енгізетінін, Конституция қоғамға маңызды нормативті-этикалық ықпал ететінін айта кету керек. Құқықтық жаһанданудың гуманистік құраушысына, атап айтқанда, жан-жақты халықаралық құндылықтарды: адамның құқығы мен бостандықтарын, заң алдындағы әлеуметтік әділеттілік пен тепе-теңдікті, саяси, идеологиялық, экономикалық плюрализмді таратуға және бекітуге қарамастан, мемлекеттердің ұлттық конституцияларының негізінде жатқан құндылықты белгілер мен бағыттарды сақтаудың да маңыздылығы кем емес.

Құқықтық жүйені жаңарту адамдардың қажеттіліктеріне және инвесторлардың мүдделеріне барынша жақындасуына бағытталуы керек. «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» атап өткендей, бәсекеге қабілетті құқықтық жүйе көп инвестицияларды тартады, бизнестің дамуын қамтамасыз етеді, перспективалық идеялардың пайда болуына және жүзеге асырылуына ықпал етеді, оларды іске асыру елге табыс әкелуі ықтимал. Қазіргі таңда ұлттық мүдделерге жауап беретін, норматив­ті-құқықтық актілерді бағалаудың халық­­­­­аралық стандарттарына сүйенетін, басқа құқықтық жүйелердің институттары мен тәжірибелерін пайдаланатын өте прагматикалық құқықтық саясатты жүргізу талап етіледі. Бұл ұлттық жобаларды іске асырудың, өзекті қоғамдық маңызды міндеттерді сәтті шешудің маңызды шарттарының бірі ретінде ұсынылады.

Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық құқықтық жүйенің стратегиялық дамыту мен жетілдіру векторларын сұрата отырып, өзінің негізгі қызметтерінің бірін орындайды. Конституциялық доктрина мемлекеттілікті заңды ұғыну және қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, саяси өміріне объективті өзгерістерді рәсімдеу арқылы жаңартуға бағытталған. Қоғам мен мемлекеттің әр түрлі даму модельдерін анықтайтын нақты конституциялық қатынастарға ие бола отырып, ол қоғам мен мемлекеттің жетілуіне және қайта құрылуына бағытталған барлық құқықтық шешімдердің негізі болып табылады.

Қазақстанның Конституциясы жеке тұлға бостандығының шектерін анықтайтын халықаралық қағидаларға жатқызылуы мүмкін базалық ережелерден тұрады және бұл құқықтық жаңарудың заманауи тенденцияларының бір көрінісі, себебі, бүгінде жеке тұлға, қоғам, мемлекет қауіпсіздігінің қағидалары интернационалдандырудың негізі болып танылуда. Осыған орай, жаһанданудың және құқықтық ілгерілеудің қазіргі процестерінің негізінде жатқан конституциялық құндылықтар бәсекелестігінің мәселесі терең қозғалады. Сонымен, жаһандану қазіргі мемлекеттердің конституциялық жүйелеріне тікелей әсер етеді, олардың дамуының, жаңаруының және қорғалуының жаңа құндылықты белгілерін алдын ала анықтайды.

Тәжірибеде Конституцияда жазылған негізгі міндеттер тек құқықтық тәсілдермен, стратегиялық мемлекеттік жоспарлау құжаттарын бірізді іске асырумен, экономикалық жүйенің элементтерін нығайтумен, қоғамда әлеуметтік кепілдерді күшейтумен ғана қамтамасыз етіледі. Қазақстанның даму стратегиясы және оған негізделген құқықтық саясат қайта құрулардың жүйелілігін және кешенділігін және қорытындысында Мемлекеттік Тәуелсіздіктің синергетикалық әсерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Ұлттық құқықтық жүйені жаңартудың негізгі кезеңдерін анықтаған шешуші құжат Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2009 жылғы 24 тамызда бекітілген 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты тұжырымдамасы болды. Тұжырымдама заңнаманы жетілдіру процесі мен құқық қолданушылық қызметте Конституцияның ұлықтылығы қағидаларын атап айтады, «қоғам дамуының қазіргі беталысы, жиналған тәжірибе мен ғылыми негізделген, қазақстандық мемлекет пен қоғамның жақын және алыс болашағы туралы іргелі көріністері» негізінде қалыптастырылған құқық салаларын реформалаудың шешуші бағыттарын белгілейді. Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізілді және халықаралық құқық нормаларымен ұлттық заңнаманы үйлестіруге бағытталған бірқатар нормативті-құқықтық актілер қабылданды.

Құқықтық жүйенің жаңаруын қамтамасыз ететін ұлттық заңнамаға халық­аралық актілерді енгізу халықаралық құқық нормаларын заңнамалық мақұлдау ғана болып табылмайтынын атап өту қажет. Шын мәнінде, бұл тұрақты халықаралық серіктес ретінде мемлекеттің мәртебесі ғана емес, сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау деңгейі тәуелді халықаралық міндеттемелерді мемлекетпен нақты іске асыру.

Қазіргі кезеңде құқықтық жүйелерді жаңартуға халықаралық-құқықтық нормалар мен институттар шешуші ықпал етеді. Сонымен, 2014-2015 жылдардағы Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің жарияланған рейтингісіне сәйкес, «Сот тәуелсіздігі» көрсеткіші бойынша Қазақстан 86 орынды иеленді, 2012-2013 жылдары 94 орынды иеленді. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде елдің институционалдық дамуының маңызды индикаторларының бірі болып табылатын «соттардың тәуелсіздігі» көрсеткішін жақсарту үшін ЖБИ рейтингісінде сот билігінің тәуелсіздігі индексін жоғарылату бойынша Іс-шаралар жоспары (Жол картасы) бекітілді. Сот жүйесін әрі қарай жетілдіру жүзеге асырылды, бұл сот төрелігін жіберу кезінде соттардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған құқықтық-сот реформасының жаңа кезеңіне импульс болады. Конституциялық заңда алдын ала қарастырылған барлық өзгерістер сот билігінің өкілеттіктерін кеңейтуге және соттардың құқықтық мәртебесі мен әлеуметтік қамтамасыз етілуін жоғарылатуға бағытталған бірқатар прогрессивті ережелерден тұрады. Осының барлығы сот ісін жүргізудің сапасын, құқық қорғау қызметінің тиімділігін жоғарылатуға және адамның құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілдіктерін нығайтуға ықпал етуге арналған.

Сот жүйесіндегі өзгерістер сондай-ақ, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуді қозғады, ҚР Азаматтық процессуалдық кодексі, ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі мен ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексі қабылданды.

Сондай-ақ, халықаралық стандарттармен қатар, мемлекеттің норма жасаушылық қызметінің бағыттарын негізінен халықаралық институттар анықтайды. Оларға ТМД, Еуразиялық Экономикалық Одақты жатқызуға болады, олардың қызметтерін құқықтық қамтамасыз ету, мемлекетаралық және ұлттық заңнамалардың нормаларын келісу және реттеу бойынша жүзеге асыру маңызды жұмысты талап етеді.

Жаһандану жағдайларындағы ұлттық заңнаманың алдағы дамуында халықаралық және ұлттық құқық ара қатынасы үлкен маңызға ие. Қазақстанның ұлттық құқықтық жүйесіндегі халықаралық нормалардың орны ҚР Конституциясының 4 бабында нақты анықталады. Атап айтқанда, Республикамен ішкі мемлекеттік заңдардың үстінде ратификацияланған халықаралық шарттардың басымдығы бекітіледі, яғни, өзіне алынған халықаралық міндеттемелердің адал орындалуының нақты ниеті ресми мәлімделеді. Қазақстанның құқықтық позициялары халықаралық құқық пен қазақстандық заңнама нормаларының ара қатынасының жеке аспектілері, қолданыстағы құқық жүйесіндегі халықаралық шарттардың орнына қатысы, оларды жасасу және қолдану тәртібі бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің нормативті қаулыларында пысықталған. Сонымен қатар, конституциялық нормаларға және мемлекеттің даму перспективаларына жауап беретін халықаралық құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға қатысатын ғылыми сараптама институтын құру қажеттілігі туралы да сөз болып отыр.

Конституциялық Кеңес конституциялық бақылаудың негізгі институты ретінде құқықтық жүйені жаңарту кезінде Негізгі Заңның нормалары мен принциптерін нақты сақтауға, ұлттық құқықтың даму бағыттарын анықтау кезінде конституциялық заңдылықты кепілдендіруге тағайындалған. Алғаш рет конституциялық бақылау институты Қазақстанда 1989 жылы 22 қыркүйектен «Қазақ КСРО Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілді, мұнда Негізгі Заңды қорғау бойынша мамандандырылған органды құру көзделді. Конституцияны 1995 жылы қабылдаумен, республиканың саяси жүйесіндегі басқа өзгерістермен қатар, Конституциялық бақылау институтын реформалау да болды. Конституцияны қорғаудың жаңа автономды органы – ұқсас француз моделінің негізгі параметрлерін ескерумен ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі құрылды. Құқықтық жүйені жаңарту процестеріне Конституциялық кеңес қолданыстағы заңнаманы жаңартуға бір тараптан және басқа тараптан мемлекеттік құрылымның қазақстандық моделінің негізгі параметрлерін анықтайтын негізгі құқықтық актідегідей Конституцияның ережелеріне салынған базалық принциптер мен бастауларын сақтауға ықпал ететін актілерді қабылдау арқылы қатысады.

Ойымды түйіндеп айтар болсам, Қазақстанның Ата Заңы – тұтас іргелі заңды құжат, Негізгі Заңның негізінде бүгін мемлекеттің құқықтық прогресі сәтті жүзеге асырылуда. Конституцияның стратегиялық әлеуетін толық жүзеге асыру отандық және әлемдік конституционализмді дамытудың перспективалары мен жаңа тенденциялары туралы ғылыми ұсынымдардың негізінде жүргізіледі. Бұл өз кезегінде құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік туғызады және Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің әлемдік аренада мойындалуын қамтамасыз етеді.

Еркін КӨБЕЕВ,

академик Е.Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік

университетінің ректоры,

заң ғылымдарының докторы,

профессор.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button