Коммуналдық кәсіпорын тұтынушыдан артық алған ақшаны қайтарады

10,5 млн. теңге. Бұл – Балқаштағы «СуЖылуТранс» коммуналдық кәсіпорнының көрсеткен қызметіне тұтынушыдан артық алған ақысы.


Тексеру кезінде қалалық прокуратура кәсіпорын құжатынан негізсіз тариф көтеруге соқтырған қателікке кезікті. Қадағалаушы орган жылумен жабдықтаушы ұйым үш жыл бойы көрсеткен қызметіне артық ақы алып келгеніне көз жеткізді. Сөйтіп, тұтынушылар үш жылу беру маусымында 10,5 млн. теңге артық төлеген.
Міндетіне атүсті қараған кәсіпорынға 3,8 млн. теңге айып салынып, алған артық ақыны тұтынушыға қайтару жүктелді. Енді, ол жылу беру маусымы басталғанға дейін қайта есеп-қисап жасап, жаңа жылға дейін қарызынан құтылады.
Әрине, бір қарағанда қала үшін бұл соншалықты қомақты қаржы көрінбеуі де мүмкін. Бірақ, мәселе жауапкершілікте жатыр.

Әлібек ӘБДІРАШ,
«Орталық Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.