Жаңалықтар

Комиссияда – жаңа төраға

       Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына Аян Болатұлы ӘБДІКӘРІМОВ тағайындалды.

Аян Әбдікәрімов 1965 жылы дүниеге келген.

Үш жоғары білімі бар.

1990 жылы тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтын, 1995 жылы қаржы және кредит мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық институтын, 2006 жылы құқықтану мамандығы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын ҚазКТИ кафедрасының ассистенті болып бастаған. «Қазкредәлеуметбанкте», «Халық банкте», ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінде түрлі басқарушы қызметтерде, ҚР МКМ Акцизделетін өнімдер өндірісі мен айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының бастығы, Қарағанды облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

2011 жылдың 14 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі қызметін атқарып келді.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 20 жылдан асады.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button