Жаңалықтар

Колледжде – көрікті мереке

Өткен сейсенбіде ҚарМТУдың Инновациялық технологиялар колледжінде «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты мерекелік шара өтті.

Нұрбибі Смағұлова басшылық ететін колледж ұжымы игі шараға ұйытқы болып, оған техника ғылымдарының кандидаты, профессор Қайролла Қызыров, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Тоқмырза Ынтықов, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлназ Мусина, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Назым Алпысбаева сынды университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Ұстаздар қауымы қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, мерекемен құттықтап, ақ батасын берді.

  • Төл мейрамымыз төрге озып отырған шырайлы шақта барша ұстаздар қауымы мен студенттерге тек жақсылық тілеймін. Ұлыстың Ұлы күні деп айдарланған осынау мейрам қадым замандардан бері халқымызды татулыққа, ынтымақ пен берекеге бастап келгені белгілі. Оқытушылар пейілді, шәкірттеріміз зейінді болғай, – деді Нұрбибі Смағұлова.

Сондай-ақ, колледж студенттері мен №1 балалар музыка мектебінің «Думан сазы» фольклорлық ансамблі, «Нұрлы балақай» балабақшасының шәкірттері де игі шараның бек ортасынан табылды.

Өз кезегінде, студент жастар мерекелік дастарқан жайып, қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылды. Музыка мектебінен келген фольклорлық ансамбль күй тартып, ән әуелетсе, балабақша тәрбиеленушілері қазақ биін билеп берді. Төрге озған төл мерекеміз аясында ұлттық салт-дәстүрлеріміз де жаңғырып, тұсаукесер рәсімі жасалды.

Рауан ҚАБИДОЛДИН,

Ortalyq Qazaqstan”

Басқа материалдар

Back to top button