Балқаш

КІНДІК АЗИЯДАҒЫ ЖАЛҚЫ КӘСІПОРЫН

          Ол – байырғы Балқаш бойындағы түсті металл өңдеу зауыты. Мұндай кәсіпорын Қазақстанда да кездеспейді.  Ал, қала бюджетіне қосатын үлесі жағынан ол комбинаттан кейінгі екінші орында тұр.

Қалыңдығы 0,05 миллиметрлік қақтамадан 30 миллиметрге дейінгі 972 түрлі өнім шығаратын кәнігі кәсібилігі көш ілгері ілкімді прокатшылар қазір түскен кез келген тапсырысты тиянақты орындап отыр. Тұтынушы  қатарында Мәскеу автомобиль және Харьков трактор зауыты сондай-ақ, қытайлық бірқатар тапсырыс иесі бар.

Балқаштан алынған қорытпадан тек теңге ғана емес, басқа да арнаулы өнім дайындайтын Қазақстанның ақша сарайы – түсті металл өңдеу зауытының тұрақты тұтынушысы. Ал, Астанадағы көптеген ескерткіш пен монументті орнатқанда Қазақстанның Суретшілер одағы балқаштық прокатты пайдаланғанын екінің бірі біле бермеуі де мүмкін.

Бүгінде Балқаш түсті металл өңдеу зауытының екі цехында елуден астам адам еңбек етеді. Кәсіпорынның жылдық қуаты — 15 000 тоннаға жуық қақтама.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button