Ресми

Үкімет басшысы көтерме-тарату орталығының жұмысымен танысты

Премьер-Министр Асқар Мамин Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында елдегі ең ірі көтерме-тарату орталығы және ауыл шаруашылық өнімдерін сату үшін «Солтүстік-Оңтүстік» ағындарын байланыстыратын Global City нысанына барды.

Global City көтерме-тарату орталығы – бұл азық-түлік өнімдерін сақтауға, сұрыптауға және сатуға бағытталған ірі хаб жобасы. Орталықтың бөлшек сауда және көтерме сауда мүмкіндіктері бар. Фермерлік өнімдерді делдалсыз сату жеміс-жидектер мен көкөністердің бағасын тек Қарағанды нарығында ғана емес, республиканың басқа да аймақтарында да төмендетуге мүмкіндік береді.

Ірі көтерме сауда өкілдері үшін әртүрлі температуралық режимі бар климаттық қойма, құрғақ қойма, УСҚ, теміржол тұйығы, тіректі краны бар контейнер алаңы, кедендік ресімдеу аймағы, тиеу-түсіру техникасы қарастырылған.
Шағын көтерме сауда үшін кешен көкөніс пен жемістерді көтерме бағамен сатуға арналған 164 жүк автокөлігіне шақталған екі кросс-ДОК ұсынады.

Бөлшек сауда үшін ауданы 42 мың ш. м. сауда-ойын-сауық орталығы, жеке тұрған 149 сауда павильоны және ауданы 2 мың ш. м. мамандандырылған ет павильоны салынды.

Компанияның коммерциялық департаментінің директоры Наиль Мунасипов атап өткендей, «кешен құрылысының мақсаты – кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің бизнесті жүргізуі үшін барынша қолайлы жағдай жасау, қайта сатып алушыларды сауда операцияларынан алып тастау болды, бұл түпкілікті тұтынушы үшін бағаның төмендеуіне, сондай-ақ қалалықтарды қолжетімді бағамен әрдайым жаңа өнімдермен қамтамасыз етуге әкелуі тиіс».
Кешен аумағы бүгінде 60 гектарға дейін кеңейтіліп, сауда-қойма қызметімен байланысты жаңа инфрақұрылым нысандарын салу жоспарланып отыр.

Қала тұрғындарына қолайлы болу үшін 2020 жылдың соңына дейін көтерме-тарату орталығы автостанция салуды жоспарлап отыр.
Көтерме-тарату орталығы «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында қолдау алды.
 

Басқа материалдар

Back to top button