ӘКІМДЕР САЙЛАНАДЫ

Биылғы 8-9 тамызда Қарағанды облысының аудандық маңыздағы қалалары, ауылдық округтері, кенттері мен ауылдарының әкімдері сайланады. 129 орынға барлығы 391 үміткер тіркелген.

– 8 тамызда ауылдық округ тұрғындары дауыс берсе, 9 тамызда қала тұрғындары әкімдерін сайлайды. Негізі, Қарағанды облысында әкімдер 202 елді мекенде сайлануы тиіс. Алайда, биылғы жылы сайлау 129 округте өтеді. Бұл – 2014 жылдан бері қайта сайлау жүргізілмеген елді мекендер, – деп мәлімеді Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Баталова.

Тұрғындарға үміткерлерді аудан әкімдері жергілікті халықпен өтетін жиналыс барысында таныстырулары тиіс. Жасы 25-тен асқан Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-ші бабына сай, белсенді сайлау құқығына ие, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңындағы талаптарға сай келетін, жоғары білімі бар және облыс аумағында тұратын азаматтар әкім лауазымына үміткер бола алады.

Бүгінгі таңда біздің облысымызда тіркелген және сайлау алдындағы насихат жүргізуді бастап кеткен үмірткерлер саны – 391. Бұл, орташа есеппен алғанда, бір орынға 3 адамнан үміткерден бар дегенді білдіреді. Жергілікті бюджеттен әр үміткерге 66500 теңгеден бөлінген. Бұл сомаға насихат жұмыстары, көлік шығындары және БАҚ жарияланымдары кіреді.

Сайлау 8 тамызда – 120 ауылда және 9 тамызда аудандық маңызы бар 9 қалада өтеді.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.