Жаңалықтар

Кешен қадасы қағылды

Қарқаралы халқы көптен күткен 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Қала тұрғындары, мәслихат депутаттары, ардагерлер қатысқан кешеннің қадасын қағу рәсіміне жиналған қауымды аудан басшысы Халел Мақсұтов құттықтады.

Аудан басшысы іргетасының қалануына аудандық бюджеттен 100 млн. теңге бөлінсе, мұнан кейінгі құрылыс жұмыстарына облыс әкімі Е.Қошановтың қолдауымен облыстық бюджеттен қаражат қарастырылып жатқандығын айтып, сәтін салса, келесі жылы келісімшарт бойынша шілде айында кешеннің пайдалануға берілетіндігін жеткізді. Бүгінде су және жарық желілері жүргізілуде. Шарада қазақ күресінен спорт шебері Е.Ахметчин, әлем чемпионы С.Алшынбаев, спорт ардагері Д.Оспанов, жас спортшы Ә.Сабыр ізгі тілектерін білдірді. Құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын «Наладочный центр Темиртау» ЖШС техникалық өндіріс бөлімінің басшысы Т.Янарсаева кешенді сапалы салып, дер уақытында тапсыратындығын атап өтті. Басталған істің игілікті болуы үшін деп ақсарбас айтып, құрбандық шалынып, құран бағышталды.

Сағыныш ӘБІЛОВА,

«Орталық Қазақстан»

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы

 

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button