Кеншілерге құрмет көрсетті

28 тамыз күні Қарағанды қаласында Шахтер күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Кеншілерге құттықтауын ар­наған облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков:

Бүгін біз өз өмірін ауыр әрі қадірлі, сұранысқа ие еңбекке арнаған жандарды құттықтаудамыз. Біздің облыс тұрғындары үшін кеншілер еңбегі әрқашан құрметке лайық болды. Ал, Шахтер күні – ерекше мереке. Себебі, өңірдің тарихы мен өрлеуі Қарағанды көмір бассейнінің дамуымен тығыз байланысты, – деді.

Нұрмұхамбет Әбдібеков Саран, Шахтинск, Абай қалаларының кеншілерін де кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Биылғы жыл мерейтойлы күндерге толы. Біз осы жылы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын және Қарағанды облысының 80 жылдығын атап өтеміз. Осы уақыт аралығында біз үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл күні біздің өңірде көмірдің республикалық көлемінің үштен-бір бөлігі және кокс маркілі көмірдің 100%-ы өндіріледі. Бұл – кеншілеріміздің кәсіби шеберлігінің жемісі, – Н.Әбдібеков.

Аймақ басшысы өңірдің барлық кеншілеріне алғысын білдірді, ақ тілегін арнады.

Осы күні өндірісті қалаларда концерттік бағдарламалар ұйым­дастырылып, мерекелік отшашулар жарқырады.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.